HALYQLINE.KZ Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шарасының мақсаты – әрбір әкімшілік учаскеде учаскелік инспекторлардың, патрульдік полиция қызметкерлерінің, соның ішінде жедел әрекет ету бөлімшелерінің және басқа да қызметтердің күшімен құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жандандыру.
Іс-шара аясында 48 патрульдік автокөлік, 33 жаяу патруль, полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері рейд шеңберінде азаматтармен шектеу шараларын сақтау туралы профилактикалық әңгімелер өткізуде, қала тұрғындарын үйде қалуға, серуендеуге және достарымен кездесуден бас тартуға шақыруда. Өз кезегінде, рейд кезінде қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұратын аудандағы жағдай туралы хабардар етіп, құқықтық көмек ала алды. Күн сайын патрульдеу кезінде Қызылорда қаласы ІІБ патрульдік полициясының қызметкерлері дыбыс күшейткіш құралдары арқылы облыс орталығының тұрғындарына санитарлық қауіпсіздік шаралары мен шектеу шараларын сақтауға өтініш білдіруде. Үңдеу кез келген құқыққа қарсы көріністердің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылды.
Қызылорда қалалық полиция
басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!