Желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Балқаш ауданының аға прокурорын 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстау фактісін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментінің бірлескен іс-шаралары аясында 12 ақпанда Қонаев қаласында Қ.Сонабаевтың ұсталу фактісін растаймыз.
Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді NUR.KZ тілшісіне департаменттің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеудің мән-жайы жария етілмейтінін атап өтті.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!