Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасаған азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарынан анықталғандай, құқық бұзушы С. көше қиылысында темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған.
Құқық бұзушы С.-ның іс-әрекеті оның түсінігімен және іс құжаттарымен бекітілген.
Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 27 524 теңге айыппұл салынды.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!