Кеше түнде қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев Сол жағалау тұрғын ауданындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы, тәртіп сақшыларының бірлескен жұмысының нәтижесінде қала көлемінде ахуал тұрақты.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жедел жұмыстар жүзеге асырылуда.
Мәселен, өткен апта көлемінде Қызылорда қалаcы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері 1514 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаса, учаскелік полиция инспекторларымен 289 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Ювеналды полиция қызметкерлері бір апталық рейдтік жұмыстары аясында 53 әкімшілік хаттама рәсімдеді. Ал, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы 845 құқықбұзушылық тіркелді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!