Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚАЖД қызметкерлері акцияға үн қосты

01.04.2021, 15:30 404

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» акциясына үн қосу мақсатында «Сәбилер үйіне» барып, жеміс ағаштарын отырғызды. Мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаевтың айтуынша, жеке құрамның қолдауымен, қайырымдылық шарасына 30 түп көшет сатып алынды.

Сәбилер үйінің қызметкері Шадаева Айнұр Өміртайқызы тергеу изоляторының қызметкерлерін жылы шыраймен қарсы алып, жас шыбықтарды отырғызатын орынды көрсетті. Тәрбие бөлімінің теологы, әділет аға лейтенанты Қ.Пазылов пен Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет лейтенанты М.Сауранбай ағаш көшеттерін отырғызды.

«Қызметтік міндеттерінің қиындығы мен қауырттығына қарамастан, тергеу изоляторының қызметкерлері шағбан айында осындай ізгі амал жасап, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерінің басым екендіктерін көрсетті. Мекеме аумағын абаттандыруға қосқан үлестері үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деді бас дәрігер Гүлсім Ертайқызы.

Тергеу изоляторының қызметкерлері бұған дейін де, бірнеше рет қайырымдылық жасап, сәбилерімізге ең қажетті ойыншықтарды сыйға тартқан болатын. Бүгінгі әкелінген ағаш көшеттері балаларымызбен бірге көктеп, көгеріп, жемісі мол мәуелі ағаш болып өсетініне сенімдіміз.

Қызылорда облысы бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: