HALYQLINE.KZ 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады.. Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз – Конституцияға биыл 25 жыл толып отыр.
Бүгін Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жылдығына орай, жеке құрамның қатысуымен шара өтті. Шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнімен басталды. Қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы видеоролик көрсетілген соң, шара сайысқа ұласты.
Сайыстың ережесі бойынша қызметкерлер, Қазақстан Республикасының заңдары, мақал-мәтел және сөз құраудан жарысты. Қазақстан Республикасы заңдарынан қойылған сұрақтарға мекеменің арнайы есепке алу тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Табылғанова, кадр саясаты тобының инспектор-психологі М.Маханова мүдірмей жауап берсе, мақал- мәтелді мақамына келтіріп, жылдам жауап берген мекеменің заңгері Шилжанова Дина болды. Сайыс ережесінің соңғы бөлімі – сөз құрау. Осы бөлімде заңгер, мемлекет, тәуелсіздік сөздерінен 10 сөз құраған, мекеменің бақылаушылары әділет аға сержанты Рамазан Ахметов пен әділет сержанты Нүркен Несіпбаев болды. Қызметкерлер арасындағы сайыс қызықты да тартысты өтті.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!