Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚАЖ департаментінің бастығы БАҚ өкілдерімен кездесті

21.10.2020, 17:00 753

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлы БАҚ өкілдерімен кездесті. Республикалық, өңірлік БАҚ өкілдеріне ҚАЖ мекемелерінің қызмет салалары бойынша 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың арасында орта білім алып жатқан азаматтар да бар. 2020-2021 оқу жылына 36 сотталған азамат кешкі мектепке қабылданды. ЗК-169/5 қауіпсіздігі аралас мекемесінде 75 сотталған ағаш ұстасы, тігінші, газ-электр дәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік білім алып жатыр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті түзеу мекемелерінде сотталғандардың орташа тізімдік саны 771 құрады (2019 ж – 731). Жұмысқа орналастырылғандар саны – 470 (2019 ж – 425). Жұмысқа орналастырылғандарды нақты жұмысқа жарамдылар санына шаққандағы пайызы 62,4% құрады (2019 ж – 59,9%).

Тергеу қамауындағылар мен сотталғандар емдеуге қажетті дәрі- дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген және денсаулық, тұрмыс жағдайлары қадағалануда.

Жыл басынан есепті кезеңге дейін мекемелердің медицина бөлімінде 4817 амбулаториялық және 60 стационарлық ем жүргізілген. Халықты тіргеу регистрі шеңберінде 5 науқасқа ота жасалып, 19 науқас стационарлық ем қабылдаған.

Сонымен қоса, Департамент басшысы түзеу мекемелеріне кіргізуге тыйым салынған заттар мен пробация қызметі бойынша тоқталып өтті. 2020 жылдың 9 айында пробация есебінде тұратын жұмыссыз 406 азамат жұмысқа орналастырылды. Пробация қызметінің ықпалымен, есептегі 21 адам қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерімен айналысуда. Оның ішінде, шаштараз, бал ара асырау, мал шаруашылығы, бағбаншылық, бетон өңдеу цехы, компьютер жөндеу орталығы сияқты т.б. кәсіптің түрлері бар.

Кездесу барысында БАҚ өкілдері сотталғандардың тарапынан түсетін арыз-шағымдар мен олардың кешкі мектепте білім алу тәртібі, тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтіп кету деректері тұрғысында сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында Шәймерден Тәжіқұлұлы пенитенциарлық жүйенің беделін арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатып, объективті және жедел ақпарат таратып, халықтың сеніміне ие болу үшін, бұқаралық ақпарат өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп, одан әрі ынтымақтастықты дамытуға шақырды.

Дана ДОСТАНОВА,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: