Қазақстан заңдары бір отбасында неше атыс қаруын сақтауға рұқсат береді?
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңда бір отбасына қару иелену нормасы қарастырылмайды. Қаруды сатып алу рұқсаты жеке тұлғаға беріледі.
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны: аңшылық ойық ұңғылы қаруы – екі бірліктен; тегіс ұңғылы – екі бірліктен; өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды тапаншалар, револьверлер не электрлі қару – екі бірліктен аспауға тиіс, – деп жазылған жауапта.
Сондай-ақ министрлік мамандары қазақстандықтар арасында аң аулауға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруына сұраныс жоғары екенін айтады.
“Олардың қандай түрі мен маркалары сұранысқа ие екенін, қару иесінің таңдауына байланысты деп пайымдаймыз. Себебі қару-жарақ дүкендерінде әртүрлі қару үлгілерінің үлкен спектрі ұсынылады”,- делінген министрлік мәліметінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!