Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан мен АҚШ арасындағы диалог

25.01.2023, 10:35 305

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнаулы өкілі Ержан Қазыхан және АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі жыл сайынғы диалогтың екінші отырысын өткізді.

Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені одан әрі демократияландыру және адам мен азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайту жөніндегі бағдарламасын іске асыру барысын сындарлы түрде талқылады. Америкалық тарап Мемлекет басшысының ауқымды реформаларын жүзеге асыруды толық қолдайтынын тағы да растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары саласындағы нәтижелі өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша ниетін құптады және Бірлескен мәлімдемені қабылдады.

Онда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары заң үстемдігін, тиісті демократиялық басқаруды және адам құқықтарын ілгерілету үшін өзара мүдделер мен ортақ құндылықтарға негізделген ынтымақтастыққа берік ұстанымдарын тағы да білдірді. Америка Құрама Штаттары Қазақстан халқының игілігі үшін жалпы адам құқықтары мен демократиялық принциптер мен институттарға негізделген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыруды табанды түрде қолдайтынына ерекше көңіл аударды.

Жоғары деңгейдегі делегациялар бірқатар негізгі мәселені талқылады, оның ішінде саяси реформалардың күн тәртібі, сот және құқық қорғау органдары реформалары, жұмысшылардың құқықтары, әйелдердің экономикалық қауіпсіздігі мен құқықтарын нығайту, соның ішінде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі ілгерілеу мен серіктестік; адам құқықтары, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтары; заңсыз шығарылған активтерді қайтару; сыбайлас жемқорлықпен және адам саудасымен күресу. Кездесу барысында өзара тиімді өзара іс-қимылға негізделген көпжақты ынтымақтастық, оның ішінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі арқылы да қарастырылды.

Қатысушылар Жоғары деңгейдегі диалогтың келесі кезеңін 2024 жылы Астанада өткізу туралы шешімді бірлесіп қабылдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: