25 желтоқсанда Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық прокуратураның үйлестіруімен 24 және 22 жастағы екі аудан тұрғынын ұстады.
Күдіктілер аудан аумағындағы далалық жерде ұрланған малды сойып жатқан жерінен қолға түскен.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінде мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді.
Айғақты заттар тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: inbusiness.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!