Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 1434 дерегі тіркелді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде: белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарудың – 17, жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеудің –54, көлік құралын мас күйде басқарудың – 10, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзудың – 115, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 256, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың 305 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, 143 автокөлік айып тұрағына қойылса, 50 автокөліктің мемлекеттік белгісі алынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!