«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-мен құрылған қаржылық пирамиданың қылмыстық әрекетін Қызылорда облысы аумағында ұйымдастырып, жүзеге асырған облыс тұрғындарына қатысты сотпен айыптау үкімі шығарылды.
Қызылорда қаласының №2 сотымен төрт адам, оның ішінде бір әйел, тағылған айыппен кінәлі деп танылып, 7-8 жылдан бас бостандығынан айырылды.
Олар ұйымдасқан топ болып елімізде аты шулы болған «Гарант 24 Ломбард» ЖШС арқылы облыстың 1200-ден астам тұрғынын алдап, жалған уәде беріп, ақша тарту бойынша кең көлемде жедел іс-шаралар ұйымдастырып, заңсыз жолмен 1 млрд 560 млн теңгеден астам қаржыны және өзге де мүліктерді жымқырған.
Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енбеген, қылмыстық істің апелляциялық тәртіпте қаралуы күтілуде.
Дегенмен, маңдай термен тапқан ақшадан және өзге де жеке мүліктеріңізден айырылғыңыз келмесе, аз уақыт ішінде кең көлемде қомақты табыс табуды жарнамалайтын күмәнді ұйымдардан сақ болуға шақырамыз.
Қызылорда облысының прокуратурасы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!