Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы микроқаржылық ұйымы жауапкер Б.-дан несие қарызын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген. Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 3887775 теңге несие қарыз алған. Жауапкер қарызын қайтару жөніндегі борышын уақытылы орындамау себебінен қарыз ақшасына сыйақы мен өсімпұл қосылып, жалпы берешек қарызы 4634129 теңгеге жеткен. Осыған орай, талап қоюшы соттан қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Сот отырысында құжаттар жан-жақты тексеріліп, талап қоюшының талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер Б.дан талап қоюшының пайдасына барлығы 4605459 теңге өндіру туралы шешім шығарылды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!