Қызылорда облысы көлемінде қарумен жасалатын қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында 2025 жылғы қаңтар айының 28-31-і аралығында «ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның 4 күнінде барлығы 2219 қару иесі тексеріліп, 99 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Мәселен, Қызылорда облысы ПД Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы аймақ аралау кезінде 40 жастағы ауыл тұрғынының ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды. Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Іс-шара барысында қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау дерегімен – 9, қаруды сақтау ережесін бұзу дерегімен – 72, қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзған 18 азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!