Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшылық құзырлы орган әлеуметтік көмекке қатысты кемшілікті анықтады

13.04.2020, 17:49 784

HALYQLINE.KZ –| Әлеуметтік пакеттен қағылған қармақшылық тұрғындар тиісті жәрдемге қол жеткізді. Бұл туралы Қармақшы ауданының прокуратурасы хабарлады.

Құзырлы органның мәліметіне сүйенсек, ауданда табысы аз отбасы балаларына ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларының әлеуметтік пакеттері берілмей қалған. Айта кететін жайт, әлеуметтік пакетке азық-түлік және тұрмыстық химиялық тауарлар кіреді.

Жалпы, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған табысы аз отбасыларының балаларына ай сайын әлеуметтік пакеттің берілуі көзделген.

Прокуратураның ұсынысы негізінде аудандағы 1005 балаға әлеуметтік пакеттер толығымен табысталды.

Әкімдіктің әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларына әлеуметтік пакеттің ай сайын беру жұмысы жолға қойылды.

Қармақшы ауданының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: