Көрнекі сурет
HALYQLINE.KZ 11 қыркүйекте Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Қарауылтөбе ауылының тұрғыны мал қорасынан 2 бас қойларының ұрланғандығы туралы шағым түсірді.
Департамент қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!