Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарасора-2025»: Қызылордада есірткі өсірумен айналысқан 32 адам құрықталды

05.08.2025, 11:50 192

HALYQLINE.KZ

Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған «Қарасора — 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 1 маусымда басталған іс-шара 31 қазанға дейін өткізілмек. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарасора – 2025» іс-шарасының басты мақсаты – есірткіге байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу.

Іс-шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 70 есірткі құқықбұзушылығы анықталса, оның ішінде 41 дерегі – есірткі өсіру, 6 дерегі – есірткі өткізу, 10 дерегі – аса ірі мөлшерде сақтау және 22 дерегі – есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 898 кг 684 гр есірткі заты алынса, оның 5 келіден астамы – «марихуана», 8 кг 794 гр көкнәр өсімдігі, 2 кг 301 гр синтетикалық есірткі тәркіленді.

Есірткі өсірумен айналысқан 32 адам құрықталып, оның 13-ы қамаққа алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: