HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы көлемінде «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасының бір айында 41 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде есірткі өсірудің 37 дерегі және есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 4 дерегі анықталды.
«Есірткі өсіргені үшін барлығы 32 тұлға ұсталса, оның 12-сі қамаққа алынды. Оқиға орнынан 15 мың 275 түп сора өсімдігі жойылды, заңсыз айналымнан 21 кг 378 гр марихуана және 2 дана атыс қаруы тәркіленді» деп атап өтті Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Шалқаров.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!