Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қаңтар оқиғасы» бойынша 59 қылмыстық іс тергелуде

28.01.2022, 10:30 328

 HALYQLINE.KZ «Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздікке байланысты болған құқықбұзушылық кезінде ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптарымен 59 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде кісі өлтіру, террористік акті, жаппай тәртіпсіздік, қарақшылық, билік өкіліне қатысты күш қолдану және басқа да баптар бойынша тергеу амалдары жүруде» – деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Жалпы, жаппай тәртіпсіздік және қарулы шабуыл қылмысына қатысы бар деген күдікпен 99 адам ұсталып, оларға дер кезінде адвокаттар қамтамасыз етілген. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге жол берудің алдын алу мақсатында барлық ұсталғандар сот-медициналық сараптамасынан өткізіліп, содан кейін ғана қамауға алу шаралары қабылданды.

Байжан Исембекұлының айтуынша, қазіргі уақытта, сотпен 22 адам қамаудан босатылды. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы мен денсаулық жағдайына байланысты, тергеу органының өтініш хатымен 2 әйел және 1 ер азаматтың бас шарасы жеңіл түріне, яғни «үй қамаққа» өзгертілді.

Бұдан бөлек, жаппай тәртіпсіздік барысында 210 адам, оның 58-і полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға көрініп, ем-дом қабылдаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: