Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаңтар оқиғасы: Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды

27.01.2025, 12:05 108

HALYQLINE.KZ

Қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке сот үкімі шықты. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оған түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынып отыр. 

Сондай-ақ, ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Айта кетейік, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында оған қатысты сот процесі басталды. 

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: