Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамаудағы танысына «ерекше әдіспен» есірткі өткізбек болды

13.08.2024, 15:00 172

Хош иісті затты қызметкерлер анықтап, 102-ге хабарласқан. Тұрғын «жаңғақты» қамаудағы танысына жеткізуді көздепті. Жыл басынан бері тыйым салынған зат бірінші рет анықталып отыр.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде қамауда отырған айыпталушы «Е» есімді азаматқа жақын танысы сәлем-саухат әкелген. Заттар арасынан өзіне тән хош иісі бар жасыл түстес есіртікіге сәйкес зат анықталған.

Айыпталушыға алып келген әрбір тағамды сәлем-саухат қызметкерлері жіті бақылайды. Әділет старшинасы Б.Қасымбеков пен әділет аға сержанты Ж.Шахиева тыйым салынған затты байқап, Жедел-бөлім қызметкерлеріне және 102-ге хабар берген.

– Қазіргі таңда мекемеге тыйым салынған заттарды анықтау және олар бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүйелі түрде атқарып жатырмыз. Тергеу мекемесінде әрбір қамауда отырған айыпталушы мен сотталған азаматқа әкелінген сәлем-саухатты арнайы құралдармен тексереміз. Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды анықтайтын рентген аппараты да жұмыс істеуде.

Қызметкерлердің жіті қадағалау барысында бүгінде есірткі тәріздес зат табылып отыр. Тыйым салынған зат 2024 жылы бірінші рет анықталды. Қырағы қызметкерлерді департамент басшылығы атынан марапаттау ұсынылуда. Олардың жұмысын бағалау – біздің борышымыз, – дейді Жедел бөлім тобының жедел уәкілі, әділет капитаны Б.Байдүсен.

Сәлем-саухат әкелген «А» есімді азаматқа ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалып, жедел тексеру тобының мамандарымен бірлесіп тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, табылған хош иісті айғақ зат сараптама қорытындысына жіберілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: