Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерполмен бірлесіп, миллиондаған жазылушысы бар блогер Қайсар Қамзаны Вьетнамның Камрань қаласында ұстады. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
ІІМ мәліметінше, блогер биыл қаңтар айында халықаралық іздеуге жарияланған. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті заңсыз әрекеті арқылы 100 миллион теңгеден астам табыс тапқан.
Қазір құқық қорғау органдары аталған іс бойынша тиісті жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Фото: Ұсталу барысында түсірілген
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!