Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Прокуратура 100-ден аса кәсіпкердің құқығын қорғады

29.04.2022, 19:15 325

Бұл туралы бүгін қала прокурорының орынбасары Бек Мұсабаев баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

– Қызылорда қалалық прокуратурасы бизнесті қорғау бағытында қадағалау жұмыстарын жалғастыруда. Биыл бұл бағытта 2 ұсыну және 2 наразылық енгізіліп, нәтижесімен 102 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 1 жауапты қызметкердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау бағытында құрылған мобильді топтың 24-76-95, whatsApp 8-775-721-45-28 сенім телефондарына кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу деректері бойынша хабарласуға болады.

Аталған сенім телефонына полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз хаттама толтыру орын алғаны жөнінде хабарламалар тіркеліп, нәтижесімен «Жаңа базар» жанында орналасқан 32 жеке кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: