HALYQLINE.KZ Арал аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтармен кездесу өтті.Кездесуге аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Н.Тасқынбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ж.Утегенов және Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Кездесу барысында сотталғандарға жаза өтеу барысында пробация қызметімен белгіленген тәртіппен сот жүктеген міндеттерді сақтап, заң талаптарын орындауға шақырды.
Сонымен қоса Жастар ресурстық орталығының мамандары пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі азаматтарға орталықтан әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бағытында тиісті көмектерді көрсететіндігін жеткізді. Жиын соңында сотталғандар сала мамандарына сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
«Жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында өткізілген кездесуге пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі 13 сотталған қатысты. Аудандық жастар ресустық орталығымен меморандум бар. Алдағы уақытта осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әр-түрлі көмек түрлерін көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз», – деді аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі С.Сейталиев.
Қызылорда облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!