Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пробация есебіндегі 6 азамат қайтарымсыз қаражат ұтып алды

16.08.2024, 9:40 139

13.08.2024 жылы Қызылорда қалалық пробация есебіндегі тағы 6 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды. Олар «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, мал шаруашылығы, бойынша бизнес жобасын дайындап, 1 млн 476 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша, есепте тұратын сотталғандар әлеуметтік-құқықтық көмектерді алып жатыр, соның ішінде жеке кәсібін ашып дамытушылар саны көбейіп жатыр. Жыл басынан 3 сотталған мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып, міне тағы 6 сотталған бизнес жоспарларын қорғап, қаражат ұтып алды.

– Бүгін осы алты азаматқа сертификаттары табыс етілді. Пробация есебіндегі сотталғандардың жеке кәсіп ашуы, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, қоғамға тез бейімделіп кетуіне септігі мол дейді, – әділет майоры Ф.Сембаева.

– Бизнес жобам мақұлданып, мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алғаныма қуанып тұрмын. Енді кәсібімді ашатын боламын. Кондитер өнімдерін шығарып, халыққа сапалы өнім ұсынамын. Кондитерлік өнімдер әрдайым сұраныста. Кондитерлік өнімдер шығаруға қажетті құрал-жабдықтар, арнайы заманауи аппараттар сатып алып кәсібімді бастаймын. Жеке кәсіп ашсам деген өтінішіме құлақ асып, көмек көрсеткен жергілікті атқарушы органдар мен Қызылорда қалалық пробация қызметіне алғысым шексіз, – деді есептегі азаматша.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: