Президенттің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығына тиісті өзгерістер енгізілді.
Қазір мемлекеттік саяси қызметшілер:
▪ өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамағаны;
▪лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны;
▪қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны;
▪заңдарда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылатын.
Енді осы тізімнің қатарына президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін қолданылатын жаза қосылды. Яғни Президент тапсырмаларын, сондай-ақ ҚР Президенті әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шенеуніктер тәртіптік жазаға тартылады.
Фото: kadry.mcfr.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!