Алматы облысында полиция ҰҚК-нің бастамасымен Шоқан Уәлихановқа іздеу жариялады. Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz-ке берген жауабында аталған азаматқа не себепті іздеу жарияланғанын түсіндіріп берді.
Аталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігі бойынша (экстремизм немесе терроризм әрекеттеріне байланысты сот шешімімен тыйым салынған қоғамдық немесе діни бірлестіктің қызметін ұйымдастыру және қатысу) мемлекетаралық іздеу жарияланды, – делінген мәліметте.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!