Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Полиция педофил жағында ма?»

19.10.2020, 16:40 665

HALYQLINE.KZ

Кеше ғана Фейсбук әлеуметтік желісінде қоғам белсендісі Мұрат Әбеновтің орыс тілінде жазылған «Полиция педофил жағында ма?» атты посты жарияланған еді. Онда ол «2020 жылдың мамыр айында Қызылорда облысында екі еркек 13 жастағы мектеп оқушысын зорлаған. Олар әлі күнге дейін бостандықта жүр» деген сыңайда сөз қозғаған-ды. Аталмыш мәселеге орай бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жауап берді.

Әлеуметтік желі пайдаланушысы Мұрат Әбеновтің 18 қазанда «Полиция на стороне педофилов?» тақырыбында жарияланған постына сәйкес мәлімдеймін.

Орын алған дерек бойынша тіркелген қылмыстық істің ауқымды және күрделі болуына байланысты кезек күттірмейтін тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп, сотқа жолдауды қамтамасыз ету Қызылорда облыстық полиция департаментінің Тергеу басқармасына тапсырылды.

Қазіргі уақытта, осы қылмысты жасаған күдікті анықталып, ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының талаптарына сәйкес қамауға алынып, Тергеу изоляторына оқшауландырылды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді. Осыған орай, полиция органы қоғамда резонанс тудырған қылмыстар бойынша атқарылған жұмыстар немесе жүргізілген тергеу әрекеттері туралы толық ақпарат бере алмайды.

Осы қылмыстық істің тергеп-тексеруі менің жеке бақылауымда, жақын уақытта сотқа тапсыру жоспарлануда.

Қылмыс жасаған адам тек сотпен ғана кінәлі болып табылып, оған қатысты соңғы шешім шығарылады.

Өз кезегінде полицейлер әрбір қылмыс бойынша заң талаптарына сәйкес кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін, тиісінше сот сараптамаларын жүргізіп, кінәлінің іс-әрекетін саралап, оны сотқа береді және сотпен әділ жаза қолданылуы үшін қажетті іс-шараларды жасайды.

Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Бұл жұмысқа тек полиция органдары ғана жауапты емес екендігін естен шығармаған жөн. Бала тәрбиесіне жауапты ең әуелі ата-ана. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға.

Ата-ана, мектеп ұжымы, психологтер, әлеуметтік қызметкерлер мен мүдделі органдардың өзара ынтымақтастығы ғана өскелең ұрпақпен жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелі болуының кепілі болып табылады.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: