Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция қызылордалық бойжеткеннің оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады

16.01.2026, 17:25 30

Бұған дейін қызылордалық Жазира Қуанышбайдың әлеуметтік желіге өзін сталкер құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққанын хабарладық.

Оқиғаның мән-жайын автор өз парақшасына жариялап, құзырлы мекеме өкілдерінен ешқандай көмек немесе істі қарау әрекеттері болмағанын жазған еді. Редакция ұжымы автордың өз парақшасына жариялаған жазбасына сәйкес мақала дайындап, фейсбук желісіне бөлісті. Жазбаға Қызылорда облысының полиция департаментінің ресми парақшасы жауап беріп, істің құзырлы орган басшыларының назарында екенін жазды.

Ресми мәлімдемеде:

– Сталкинг дерегі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды.  Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сталкинг заңнамаға сәйкес адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау болып табылады. Осындай деректер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес беріледі, — делінген.

Айта кеткен жөн, жуырда Нұрай Серікбай есімді бойжеткен де қылмыскер қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат дау туғызып, қазақ медиасында кең тараған еді.

Коллаж: halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: