HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына және Шиелі ауданы аумағында короновирустық инфекциясының эпидемиологиялық ахуалының күрделенуіне байланысты инфекцияны шоғырландырмау және таралуына жол бермеу мақсатында Шиелі АПб-нің жеке құрамы күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді.
Қызмет атқару барысында карантиндік режимдерді бұзып, мемлекеттік орган белгілеген талаптарды бұзғаны үшін бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес, 63 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 33 адамға әкімшілік қамаққа алу, 16 адамға айыппұл түріндегі, 14 адам ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылса да, карантиндік режимнің талабын бұзушылардың саны азаяр емес.
Құрметті аудан тұрғындары!
Әлем болып күресіп жатқан індетке назар аударып, бірлесіп қауіпсіздік шараларын қолға алуды сұраймыз.
Шиелі аудандық Полиция бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!