Ит – адамның досы ғана емес, полиция қызметкерлерінің айнымас көмекшісі. Қызылорда облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының қызметтік іздестіру иттері қылмыстарды ашуда полицияға баға жетпес көмек көрсетеді. Төрт аяқты көмекшілер қылмысты анықтауға, із кесуге, есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіруге және одорологиялық сәйкестендіруге қатысады. Барлығы – күшік кезінен арнайы оқу-жаттығу курстарынан өтіп, белгілі бір бағыттағы құқықбұзушыларды анықтауға мамандандырылған қызметтік иттер.
Орталықта 23 қызметтік-іздестіру ит бар. Олардың 9-ы есірткі затын іздестіруге, 2-еуі жарылғыш затын іздестіруге, 5-еуі із кесу саласы, 3-еуі одорология бойынша және 1-еуі қызметтік іздестіру иті шабуылдау бағыты бойынша қызмет атқарады.
Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен жыл басынан 85 қылмыс әшкереленді. Олар негізінен есірткімен байланысты қылмыстар, ұрлық және тағы басқа қылмыстар.
Сонымен қатар, Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 2023 жылы өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы қаласындағы Кинологиялық оқу орталығында үш сала бойынша, яғни есірткі затын іздеу, одорология – иістерді сәйкестендіру және адам иісі бойынша ізге түсу біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!