HALYQLINE.KZ Осы жылдың 22 қаңтарынан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, қалалық прокуратура және жеке сот орындаушылары бірлесіп, «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталмыш шараның мақсаты – әкімшілік құқықбұзушылықтарға салынған айыппұлдарды төлемей жалтарып жүрген борышкерлерден айыппұл өндіру.
Бүгінгі күнге дейін 7 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұлы бар борышкерлердің 10 автокөлігі айып алаңына қойылды.
Сонымен қатар, шара барысында сақтандыру полисі жоқ және жалған мемлекеттік белгі тағып, көлік құралын басқару деректері де анықталды.
Анықталған әрбір құқықбұзушылық бойынша көлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар көрілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!