Т. нсімді азамат 25 маусым 2024 жылы жергілікті уақыт сағат 17:00 минут шамасында Қызылорда қаласы, Сырдария өзені жағасында гүлдерді жарнамалау барысында полиция қызметкерлеріне арналған киімді заңсыз киіп, бейнеролик түсірген.
Оның құқықбұзушылық әрекеті, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасымен, түсінігімен, заттарды алып қою туралы хаттамасымен, жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітіледі. Құқық бұзушының тарапынан ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігіндегі құқықбұзушылылыққа жол берілген. Себебі ол айырым белгiлерi, нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүрген.
Аталған баптың санкциясында арнаулы нышан киімі тәркілене отырып, жеке тұлғаларға бес, заңды тұлғаларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігімен Т. кінәлі деп танылып, 12922 теңге айыппұл салынған.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!