HALYQLINE.KZ Қызылордада полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотталған 43 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Бұл әйел «билік органдарында кең байланыстарым бар» деп 2019 жылдың сәуір айында өзінің танысына 3 бөлмелі пәтер алуға көмегін ұсынып, алдап, одан 700 000 теңге сомада ақша алған. Осылайша, ол бүгінгі күнге дейін уәделерін орындамаған.
Жәбірленуші уәде етілген баспана мен ақшасын ала алмаған соң, 9 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арыз берген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!