Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқу орнының қызметкері алаяқтық жасады

04.02.2021, 15:20 510

HALYQLINE.KZ

01 ақпан Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1987 жылы туған облыс орталығының тұрғыны арызданды. Оқиғаның мән-жайына келсек, қаладағы оқу орындарының бір қызметкері жәбірленушінің баласының оқу ақысын өзім төлеп беремін деп, 208 мың теңге көлеміндегі ақшасын жымқырып, алаяқтық жасаған. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Сыр сақшыларының жедел жұмыстарының нәтижесінде 41 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті азамат толықтай өз кінәсін мойындады.

Күдіктіге қатысты, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: