Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы ұсталды

05.07.2023, 14:30 113

HALYQLINE.KZ

«Оператор РОП бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды», деп хабарлады Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асыруда.

Бұған дейін «Оператор РОП» ісі бойынша сотталғандар күдікті Шынар Мұқтарованың қағаз жүзінде компания құрылтайшысы екенін, ал іс жүзінде Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі екенін мәлімдеген.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: