Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оң рульді көліктер де жеңілдетілген тәртіппен рәсімделетін болды

26.12.2022, 11:30 286

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әлібек Кеңесбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін 6 ай бойы шетелдік автомобильдер тіркелетіні белгілі болған еді. Енді ол аяқталған соң көлігін тіркемегендерге айыппұл салына бастайды. 

– Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көлікті біржолғы заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл заң жобасына жақында ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктер осы біржолғы заңдастыруда қамтылған. Қазіргі таңда ел аумағында мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Мәселе шешілді, – деді Қайсар Сұлтанбаев. Еске сала кетейік, Президент Жолдауында 1 қыркүйекке дейін елімізге кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу туралы тапсырма берген болатын. Оларды рәсімдеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы тиіс. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: