Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзгенің автокөлігін айдап әкеткен азамат ұсталды

13.03.2023, 9:00 165

HALYQLINE.KZ Қала тұрғыны Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласып, өзіне тиесілі көшелерінің бірінде тұрған «Нексия» автокөлігін белгісіз адам айдап кеткендігі туралы арызданған.

Жедел басқару орталығы айдап әкетушіні анықтау және ұстау туралы дереу хабарлама береді. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол 34 жастағы азамат, қала тұрғыны болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігімен (ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

                            Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: