Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірде өрт оқиғалары азайған

24.07.2024, 18:50 302

HALYQLINE.KZ

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында тіркелген өрт оқиғалары өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға азайған. Сала мамандары өрт оқиғаларының басым бөлігі тұрғындардың қауіпсіздік шараларына селсоқ қарағанынан пайда болады дейді. Сондай-ақ, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті заңды тәуелді актілерді енгізді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Арман Дастенов өрт қауіпсіздігі саласында жедел ден қою шаралары туралы айтты.

– Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің немесе қызметтің орындауын тоқтата тұруды қамтиды. Жедел ден қою шараларының қолданылу мерзімі тізбенің барлық талабы үшін бірыңғай, яғни 60 күнтізбелік күн болып белгіленді. Бұл шараларды қолдану тәртібі «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 38-1-бабында баяндалған. Ал, тізбеде тексеру парақтарынан өрт қауіпсіздігінің 81 талабы бұзылса, ол жедел ден қою шараларын қолдануға әкеп соғады. Мәселен, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында немесе нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектор, егер объектіні пайдалану жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, ҚР Ұлттық қауіпсіздігі және адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндірген жағдайда жедел ден қою шараларын қолданады,- деді Арман Мамайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: