Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста жол-көлік оқиғалары 12 пайызға азайған

21.05.2021, 16:00 481

HALYQLINE.KZ Жол қауіпсіздік ережесін түсіндіру мақсатында облыста «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтуде. 17 мамырда басталған шара 16 маусымға дейін жалғасады. Бір ай ішінде жол сақшылары ереже бұзушыларды анықтап ғана қоймай, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Көшерлерге қосымша жол белгілерін орнатуға ұсыныстарын береді.

– Халық көп жиналған аумақтарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, еріктілермен бірігіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, тұрғындардың жол ережесін білуіне және сақтауына жақсы баға береміз. Себебі, статистикалық мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғалары, оның ішінде жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзу деректері жылдан-жылға төмендеуде. Ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысымен жол-көлік оқиғалары12 пайызға, жарақат алғандар – 6 пайызға азайды. Жалпы ауыр дене жарақатын алған жол көлік оқиғалары республикалық маңызы бар тас жолда болуда, – деді Қызылорда ОПД басқарма бастығының орынбасары Бақыт Молдабеков.

Департамент жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында күн сәулесінен қуат алатын диодты жарық және қозғалысты реттейтін белгілерді көбейтуге ұсыныс беруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: