Прокуратура органдарымен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың құқықтарының бұзылмауын алдын алу және жаза өтеу жағдайларын жақсарту бағытында үнемі тиісті шаралар қабылдануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін бейнекамералармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, облыс аумағындағы үш мекемедегі «соқыр» аймақтар толығымен жойылды.
Қазіргі уақытта осы үш мекемеге 1300-ден астам бейнекамера орнатылып, олар прокуратура органдарынан тікелей бақыланады.
Сотты болғандардың арыз-шағымдарын жолдауда кедергілерді болдырмау үшін мекемелерге барлығы 11 терминал орнатылған.
Облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлыжұмыс сапары аясында облыстың түзеу мекемелеріне барып, сотталғандарды ұстау тәртібімен және шарттарымен, сондай-ақ медициналық бөлімге, кітапханаға, мекеме клубына, асханаға барып, сотталғандардың тамақтану сапасымен танысты.
Сапар барысында облыс прокуроры сотталғандармен әңгімелесіп, жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!