Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі: «Қылмысты болдырмау шаралары күшейтілуі керек»

01.10.2020, 9:40 624

HALYQLINE.KZ Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2020 жылдың 8 айындағы бөтен мүлкін ұрлығы қылмысының алдын алу бойынша атқарылған шаралар және өңірлік құқық бұзушылық профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы айтылды.

Ағымдағы жылдың 8 айдың көрсеткіші бойынша өңірімізде тіркелген ұрлық қылмысы 58% төмендеген, атап айтсақ, ұялы телефон ұрлығы – 59%, пәтер ұрлығы – 64%, көлік ұрлығы – 69%, мал ұрлығы 14% азайған. Жалпы материалдық шығын 81 млн теңгені құраған.

Облыс әкімі полиция департаменті мен қала, аудан әкімдеріне ұрлықтың барлық түрлеріне профилактика бағытында жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Бірінші кезекте қылмысты болдырмауға, жолын кесуге бағытталған профилактикалық шаралардың күшейтілуі қамтамасыз етілсін, ұрлықтың алдын алуда учаскелік полиция инспекторларының жауапкершіліктері арттырылсын. Ұрлықтың түрлері бойынша «Қылмыстық картаға» сәйкес жергілікті полиция қызметінің патрульдеу маршрутын ұрлыққа бейім тұрғын аудандарға қайта бағдарласын. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің кіреберістерін темір есіктермен, электронды құлыптармен, домофондармен, бейнекамерамен жабдықтау ұйымдастыру қажет. Пәтер ұрлығына тосқауыл қою үшін бірлесіп, тұрғындардың өз баспаналарының қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау қажеттігі түсіндірілсін. Ауыл тұрғындарына мал ұрлығы қылмыстарының көбінесе өрістен, жайылымнан, малдарына қарамай иесіз жіберу себептерінен болатынын ескертіп, пада мен бақташыларды жалдау тиімділігі кеңінен түсіндірілсін. Сондай-ақ, малдарды сәйкестендіру мен таңбалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін және құзырлы органдарымен бірлесіп, ет өнімдерін сату және өндеумен айналысатын орындарға бақылау күшейтілсін», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: