Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Назарбаевтың келіні Гүлмира Сатыбалды сегіз жылға сотталды

30.06.2023, 15:18 284

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облыстық соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға соттады. Сот оны өзгенің мүлкі талан-таражға салды, иемденді деп таныды.

Тергеу мәліметінше, 2018 жылғы күзде Сырдарияның сол жағалауында жылу жүйесі құрылысына мемлекеттік тендер жарияланатынын алдын ала біліп, «Ария-Жаңа Астана» компаниясының жетекшісі Ғани Бекбосыновқа байқауға қатысуға құжат әзірлеуді тапсырған. Сатыбалдының ықпал етуімен тендерді «Ария-Жаңа Астана» жеңіп алған деп есептейді тергеушілер.

2018-2020 жылдар аралығында Сатыбалды Бекбосыновпен бірге 2 млрд 130 млн теңгенің ($4,7 млн) атқарылды делінетін 14 акт қабылдаған. Сотталушының заңсыр әрекеттері салдарынан мемлекет 441 млн теңге (965,5 мың доллар) шығынға ұшыраған.

  • «Гүлмира Сатыбалды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету» бойынша кінәлі деп танылсын. Гүлмира Сатыбалдыға мүлкі тәркіленбей, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады», – деген судья үкімі оқылды.

Сатыбалды 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап қамауға алынды, судья жазаны өтеу мерзімін 1,5 тәулікке 1 тәулік есебімен есепке алу туралы шешім қабылдады.


Сот Гүлмира Сатыбалдыға 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салды.
Сотталғандардың аппеляцияға шағымдануға құқы бар.

2023 жыл 4 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Гүлмира Сатыбалдыға, Мәди Батыршаевке және Рашид Өтебековке қатысты айыптау үкімін шығарды. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айыптаушы тараптың айтуынша, Гүлмира Сатыбалды кәсіпкер Тұрсын Алагөзовты өзіне қарасты Galanz bottlers АҚ компаниясының 43 пайыз акциясынан бас тартуға мәжбүрлеген. Сонымен бірге ол кәсіпкерге моральдық-психологиялық қысым көрсетті деген болжам бар.

Қазақстанда қаңтар оқиғасынан соң Назарбаев отбасының мүшелері мен соның қарамағындағы адамдар қызметтен айрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезде биліктегі тамыр-таныстықпен күресуге уәде берген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: