Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нарық субъектілері жауапқа тартылды

22.12.2023, 10:05 199


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Шиелі-Жолшы» ЖШС және «Жолшы» ЖШС қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы аталған департаменттің тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы Т.Жұмамұратов мәлімдеді.

Тексеру нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабына сәйкес аталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен, яғни, елді-мекендердің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу барысында нарық субъектілерінің әрекетінде бәсекелестікке қарсы келісім болған. Осыған байланысты, ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық дерегі анықталды.

«Аталған субъектілерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар рәсімделіп, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотына жолданды. Нәтижесінде, соттың қаулыларына сәйкес жоғарыда көрсетілген нарық субъектілері Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танып, сот шешімімен жалпы 1 705 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», – деді Т.Жұмамұратов.
Қазіргі таңда, айыппұл нарық субъектілерінен толығымен өндірілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: