Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер-азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады,-делінген хабарламада.
Бұған дейін канал суынан белгісіз ер кісінің мәйіті табылғаны туралы бейнежазбаны ТікТок қолданушысы жариялаған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!