HALYQLINE.KZ Қаладағы мұнай компаниялардың жұмысшысы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне қазан айының 20-на белгісіз біреулердің мұнай ұңғымасының 57 метр темір құбырларын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды. Олар қала орталығының тұрғындары екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!