Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұғалімді күйеуі пышақтап өлтірген

16.03.2026, 16:55 56

Атырауда 58 жастағы мұғалімді күйеуі пышақтап өлтірген. Оқиға 16 наурызға қараған түні болған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

16 наурыз 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Қазір аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Марқұм қаладағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Педагогика саласында тәжірибесі мол, бір кездері мектеп директорының орынбасары қызметінде де болған.

Фото: Pexels

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: