Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұғалім дуа-сиқырмен айналысқан

14.10.2025, 10:05 131

HALYQLINE.KZ

Жамбыл облысында мектеп директорының кабинетінің табалдырығына тұз сеуіп, қоғамдық орынды ластаған мұғалім жауапқа тартылды, деп жазады zakon.kz.

Жуалы аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша мұғалім әйелге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады.

«Іс материалына сәйкес, ол орта мектептің дәлізінде және директордың кабинетінің алдына тұз шашып, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған. Әйел адам мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келетінін, сондықтан тұзбен рәсім жасап көруді жөн көргенін айтқан. Сот отырысында У. жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады, — делінген Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот қаулысымен У. ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: st2.depositphotos.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: