Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүгедек баланың құқығы қорғалды

18.04.2024, 15:15 274

HALYQLINE.KZ

Моральдық зиян – жәбірленушіге келтірілген жан азабы мен тән азабы. Егер азамат құқықтары бұзылды деп есептеген жағдайда, моральдық зиян өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде, құқықбұзушылық зардаптарының ауырлығы мен өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескеріледі.

Қызылорда қаласының тұрғыны К. есімді әйелдің 13 жастағы ұлы – бала кезінен екінші топтың мүгедегі. Өткен жылдың жаз айында подъезге шыққан баланы азаматша А. белгісіз себептермен ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген. Осы әрекеті үшін әйел сот қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, осы оқиғадан мүгедек баланың мойын аймағы жұмсақ тіндерінің соғылғаны, білек, тізе аймағының сыдырылғаны анықталған.

Баланың анасы осы оқиға болғаннан бері баласы үйден шығуға қорқып қалғанын айтып, әйелдің кешірім сұрамағанын және қандай да бір көмек бермегенін, баласын уайымдағаннан жан азабын тартқанын көрсетіп, Қызылорда қалалық сотына жүгініп, моральдық зиян өндіріп беруді сұраған.

Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот шешімен моралдық зиян өндіру жөніндегі талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, мүгедек баланың құқығы қорғалды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: