Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мигрант»: шетел азаматы айыппұл арқалады

16.03.2022, 18:00 1168

HALYQLINE.KZ

Көліктегі ПД Қызылорда ст.ЖПб қызмет ету аймағында ағымдағы жылдың наурыз айының 10-ы мен 17-сі аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Қызылорда ст.ЖПб көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен №77 «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызының №10 вагонында Алматы қаласынан Маңғыстау қаласына дейін жолаушылап бара жатқан 1987 жылы туған Р. есімді Өзбекстан Республикасы азаматының паспортын тексеру кезінде 30.10.2021 жылы Қазақстан Республикасына келіп, осы уақытқа дейін ІІО-на тіркеуге тұрмағаны анықталды. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен 25 АЕК, яғни 53 603 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келіп-кетуі мен елімізде болу ережесін сақтау болып табылады.

Азамат  Абасилов,

Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының инспекторы, полиция капитаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: